АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алдағы күндері елде ауа райы ылғалдың мол қоры бар белсенді атлантикалық циклонға байланысты болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын бар қалың бұлт әкеледі. Бұл көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік жартысында қарлы боран тұруына себеп болады. Бұл ретте Қазақстанның оңтүстігінде найзағай болады.
Республиканың батысында ауа температурасының түнде 0-8 градустан 7-15 градус аязға дейін төмендеуі, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 градус аяздан 0-8 градусқа дейін жоғарылайды.
Орталықта 2-15 градус аяздан 3 градус аяз-3 градус жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде ауа температурасы 3 градус аяз - 3 градус жылы аралығында болады.