Ақтөбе облысында автотасығыш пойызбен соқтығысты

Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында автотасығыш пойызбен соқтығысты.
Жол апаты дүйсенбі күні күндіз Самара-Шымкент тасжолындағы Жазық теміржол өткелінде болған.
Ақтөбе облысында автотасығыш пойызбен соқтығысты
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізуші жол өткелінде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп, жүріп келе жатқан пойызбен соқтығысқан, деп хабарлады Polisia.kz .
Жол апатынан автотасығыштың жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.