Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ президенті Джо Байден Киевке барды

Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден дүйсенбі күні таңертең пойызбен Киевке барды, деп хабарлайды Financial Times газетінің тілшісі Кристофер Миллер.
"АҚШ президенті Джо Байден алдын ала хабарланбаған сапармен Киевке барып, Зеленскиймен кездесіп жатыр... Ол Киевке бүгін таңертең пойыздан түсті", - деп жазды журналист Twitter-де.
Бұған дейін "Украинская правда" газеті Байденнің Киевте екенін жазған болатын. Украинаның "Страна" басылымы Байден мен Зеленскийдің Киевтегі Михаил соборында кездесу өткізгенін хабарлады.
Дүйсенбі күні таңертең бүкіл Украинада, соның ішінде Киевте де әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды.
Зеленский Тоқаевқа қоңырау шалды