Оқиға

Ақмола облысында минивэн мен жүк пойызы соқтығысты: қаза болғандар бар

Көлік жүргізушісі жабық тұрған шлагбаумды айналып өткен
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында теміржол өткелінде жүк пойызы мен минивэн соқтығысты. Жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды.
Полицияның ақпаратынша, 20 ақпан күні Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан. Көлік рөлінде Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны отырған. Жүргізуші жабық тұрған шлагбаумды айналып өткен.
Салдарынан жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы – 1975 жылғы әйел және 1985 жылғы ер адам оқиға орнында ажал құшты. Екі жолаушы да Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облысында теміржол өткелінде жүк пойызы мен минивэн соқтығысты
"ҚТЖ" баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға таңғы сағат 6.45-те Бурабай – Шортанды учаскесінде болды.
Автокөлік жүргізушісі шлагбаумның жабық тұрғанына және бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен.
Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болған.
Ақмола облысында теміржол өткелінде жүк пойызы мен минивэн соқтығысты
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екібастұз маңындағы теміржол өткелінде жүк көлігі электровозға соғылды