АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. 2023 жылы Таразға 14 елді мекен мен екі саяжай қосылады.
44 мыңнан астам ауыл тұрғыны қала тұрғыны болады, ал егер қаланың бас жоспарын үкімет бекітсе, облыс орталығының аумағы 30 мың гектарға дейін ұлғаяды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Осылайша облыс орталығына Байзақ және Жамбыл аудандары аумағының бір бөлігі қосылады.
Облыс орталығында жыл соңында үш жаңа шағын аудан пайда болады. Әрқайсысында 70-ке жуық көпқабатты үй және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланып жатыр.
"14-ші шағын ауданда біз 64 көпқабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл негізінен коммерциялық тұрғын үй болады, үйлердің биіктігі 7-ден 12 қабатқа дейін болады. Сонымен қатар біз "жайлы мектеп" жобасы аясында жаңа мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтау және сауда орталықтары, спорт орталықтары және спорт алаңдары сияқты коммерциялық нысандар да бой көтереді. Биыл алғашқы үйлердің құрылысын жоспарлап отырмыз. Қазіргі күні аукционға құжаттар дайындап жатырмыз, яғни инвесторларды тартамыз", - деді Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков.