Энергетика министрлігі: Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр

Sputnik
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы - 70 градус, деп хабарлады энергетика министрлігі.
"18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Салдарынан салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтары іске қосыла басталды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы - 70 градус.
Оқиға орнында төтенше жағдай министрлігі, атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселені үкімет бақылауға алды.
Екібастұздағы жылу орталығында тағы да апат болды