АЛМАТЫ, 19 ақпан - Sputnik. Павлодар облысы Екібастұз қаласында өрт сөндірушілер тілсіз жаудан 20 адамды құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Оқиға 19 ақпан сағат 9.59-да болған. Өрт сөндірушілер автосатының, құтқару қалпақшаларының көмегімен баспалдақ маршы арқылы 20 адамды құтқарды, оның 4-уі - бала. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Екібастұзда жылу орталығында болған апаттардан кейін тұрғындар үйін жылыту үшін жылытқыш құрылғыларды тәулік бойы қосуға мәжбүр.