АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Астанада полицейлер төбелесті тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz.
"18 ақпан полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.