Былтыр Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсті

Sputnik
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Жедел деректер бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2022 жылы 3,2%-ға өсті, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы.
Ең жоғары өсім көрсеткен салалар:
Құрылыс – 9,4%,
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%,
Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу – 5%,
Көлік және қоймалау – 3,9%,
Өңдеу өнеркәсібі – 3,4%.
2022 жылдың қорытындысы бойынша нақтыланған деректер 21 сәуірде жарияланады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Осы жылдың қаңтар айында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет басшысына өткен жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,1 пайызға өскенін хабарлады. Пандемия өршіген 2021 жылы республика экономикасы 4%-ға өсті.
Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтар айында елдің жалпы ішкі өнімі 5,6 пайызға өсті, деп хабарлады ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.