АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Танымал адвокат Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.
14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істі сотқа жіберді.
"Оның бұрынғы күйеуі прокуратураның келісімімен күдікті деп танылғаннан кейін соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында 1980 жылы туған Айман Асанова көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ол 12 қазанға қараған түні қайтыс болды.
Айман Асанова заңгерлік қаржы компаниясының бас директоры болған.