Ресей Қарулы күштері Киев режимінің әскерилендірілген құрылымдарын жүйелі түрде талқандап, АҚШ пен НАТО-ның жауынгерлік қуаты туралы туралы аңызды жоққа шығарып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украинада америкалық бастамалардың бәсеңдеуі және Киевке жөнелтілетін альянс танктерінің сапасы мен саны да төмендеуі Америка мен Еуропаның көпполярлы әлемнің қатаң шынайылығымен бетпе-бет келгенін көрсетеді.
Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус 15 ақпанда батыстың Киевті қолдауының тығырыққа тірелгенін мойындап, Украинадағы НАТО броньдалған танк армадасының сәуірде "батальон деңгейіне жетпейтінін" айтты.
Украина Қарулы күштері НАТО-ның барлық модификациядағы Leopard танктерін уәде еткен көлемнен әлдеқайда аз алатын болды. Тек екі ел – Германия мен Португалия ғана A6 Leopard-2 (барлығы 17 танк) жауынгерлік дайын нұсқасын жіберуге дайын. Польша тағы 30 шақты тозған A4 Leopard-2 жинақтады. Ал Дания мен Нидерланды өздеріндегі Leopard-2 танктерін беруден бас тартты.
7 ақпанда Германия үкіметі Киевке 178 дана ескі A5Leopard-1 танктерін жеткізуді мақұлдады. Оның жиырмасын жазда, ал қалғанын 2024 жылдың басында жеткізу жоспарланған. Дегенмен Leopard-1 танктері шығысқа қарай жетуі екіталай. Өйткені 1960-шы жылдары қолданысқа берілген бұл көне техниканы алдымен жөндеп, содан кейін тапшы 105 миллиметрлі снарядтармен қамтамасыз ету керек.
"Еуропадағы НАТО елдері Украинаға көктемгі шабуылға көп техника жеткізуге уәде беріп, салыстырмалы түрде аз беріп жатыр. Кейбір қосымша мүмкіндіктер туралы мәлімдемелер де сөз түрінде қалып жатыр. Альянстың штаб-пәтерінде өткен күні кешегі кездесуде Ұлыбритания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Дания өкілдері Украинаға арналған халықаралық қордың (IFU) 240 миллион долларды қамтитын алғашқы пакеті туралы келісімге келді. Польша Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді үздіксіз әрі жедел жеткізу үшін НАТО-ның шығыс қапталында қоймалар құруды ұсынды", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, бұл қоймаларды кім және қандай мерзімде толтыратыны белгісіз. Себебі арнайы әскери операция кезінде Украина Қарулы күштері екі миллионнан астам 155 миллиметрлі НАТО артиллериялық снарядын жұмсады. Ал АҚШ пен альянс олардың өнідірісіне бірнеше жыл мен 10 миллиард доллар жұмсауы қажет. Америкада бүгінде снарядтар, зымырандар, оқ-дәріт тапшылығы қатты байқалады. Ал әскери-өнеркәсіптік кешендерде оқ-дәрі өндірісін арттыратын әлеует жоқ.
НАТО-ның алдағы уақытта Киев режиміне көмегі тек Ақ үй қалауына байланысты болмайды. Француздардың Les Echos басылымы қазір Солтүстікатлантикалық альянс елдері басымдықты өзгертіп, бүгінде өз армиясына арналған қару-жарақ өндірісін арттырап жатқанын жазды. Тіпті АҚШ конгресінде де шенеуніктер Киев режиміне әскери көмекті азайтуды ұсынып жатыр.
Арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік әскер Украина Қарулы күштері мен НАТО әскери нысандары мен логистикасын аяусыз қиратып жатыр. 16 ақпанға қараған түні Полтава, Черкасск, Львов және Украинаның басқа да облыстарында ұзақ қашықтыққа арналған қарумен дәлдігі жоғары соққылар жасалғаны анықталды. Киев әуе және теңізге арналған 32 қанатты зымыран, оның ішінде 12 дана Х-22 зымыраны жеткенін хабарлады. Украина Қарулы күштері 11 ай ішінде қаза тапқан және жараланған жүздеген мың жауынгерін жоғалтты.
"Арнайы әскери операция барысында Ресей Қарулы күштері Украина Қарулы күштерінің 7 890-нан астам броньдалған техникасын, 4100 артиллериялық қаруын, 3 150 пилотсыз ұшу аппаратын, 590 ұшағы мен тікұшағын (Батыс жеткізілімдерін қосқанда) жойды. Мәскеу Украинаға жеткізілетін Abrams пен Leopard танкі де осы тізімді толықтыратынына сенімді. Ресейлік қорғаныс өнеркәсібі Украинадағы әскери іс-қимыл театрында технологиялық басымдыққа ие", - деп жазылған әкери шолушы материалында.
Қытайлық сарапшылар Украина Қарулы күштерін Батыстың қару-жарақ жеткізілімінен оқшаулау арқылы арнайы операцияны жеделдету туралы нұсқасы тиімді болып көрінеді. Өйткені Киев режимі АҚШ пен НАТО-ның көмегіне 100% тәуелді. Бірақ әскери операцияның негізгі мақсаты аумақты бақылауға алу емес, қарсы тараптың әскерін, жауынгерлік (барлау) әлеуетін жою болып отыр.
Ресейдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский америкаық Newsweek журналына берген сұхбатында былай деді: "Егер сіз ядролық державаға қарсы шықсаңыз, онды осы ядролық державаны қарсы қандай жауап беруі мүмкін екенін де есте ұстаған жөн". Яғни Полянский Ресейдің АҚШ-қа әскери жауап қайтару ықтималдығы туралы ескертті.
АҚШ қорғаныс министрлігі барлау агенттігінің бұрынғы қызметкері Ребекка Коффлер Украина АҚШ президенті Джо Байден үшін екінші Ауғанстанға айналып барады деп есептейді. Украина бағытында Ақ үйдің ешқандай стратегиясы, нақты мақсаты, жоспары жоқ екенін айтты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.