АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан 48 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол 6 грамға жуық гашиш есірткісін сатып тұрған жерінен қолға түскен.
Әйелдің тұрғылықты жерінде тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 117,66 грамды құрайтын пирролидиновалерофенон PVP синтетикалық есірткісі мен 260 грамнан астам гашиш табылды. Препараттардың құрамы тиісті сараптамамен расталды.
"Есірткі сатумен айналысқан 48 жастағы күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.