ПАВЛОДАР, 16 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш баллонын шашып кеткен, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
16 қаңтарда Қалқаман елді мекеніндегі мектептің жуынатын бөлмесінде белгісіз біреу бұрыш баллонын шашып кеткен. Салдарынан ғимараттан үш жүзден астам оқушы мен мұғалім эвакуацияланды.
"Мектеп ғимаратынан 310 адам эвакуацияланды, оның 291-і оқушылар. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қауіпсіздік камераларын зерттеп, кінәліні анықтады. Ол осы мектептің тоғызыншы сынып оқушысы болып шықты", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық" бабы бойынша баллонды шашқан оқушының заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 АЕК (24 150 теңге немесе шамамен 54 доллар) мөлшерінде айыппұл салынады.
Материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберіледі, деп атап өтті ведомство.