КӨКШЕТАУ, 16 ақпан – Sputnik. Көкшетауда жанармай тасымалдайтын 2 автоцистерна өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өрт 16 ақпанда Көкшетау қаласындағы солтүстік индустриялық аймақта "Qazaqoil" аумағында болды.
"Өрт сағат 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылы туған ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.