Өңірлер

Батарея жарылған: Екібастұзда ерлі-зайыпты тоқ соғып көз жұмды

Үйді су басқанда еденде сымдары ашық электр жылытқыш жатқан
Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Екібастұз қаласында 64 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел үйлерінен өлі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 ақпанда Екібастұз тұрғынынан Б.Жырау көшесіндегі үйді жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты су басқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер жеке тұрғын үйден 1959 жылғы ер адам мен 1965 жылғы әйелдің мәйітін тапты. Марқұмдардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
"Тексеріс кезінде қонақ бөлмесінен еденде сымдары ашық жатқан электр жылытқышы табылды", - делінген хабарламада.
Сот-медициналық зерттеу бойынша екі адам да тоқ соғып ажал құшқан.
Бұл факті Екібастұз қаласы ПБ-да тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.