Оқиға

Астана – Петропавл тас жолында жүріп келе жатқан көлік түгі қалмай жанып кетті – видео

Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында жүріп келе жатқан автокөлік өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға бүгін, 16 ақпан Астана – Петропавл республикалық тас жолының 195 шақырымында болған, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Елордаға қарай бет алған Honda Stream жүргізушісі капоттан түтін шыққанын байқаған. 40 жастағы ақмолалық көлік өртенгенге дейін салоннан шығып үлгерген.
Оқиға куәгері өрт сөндіру бригадасын шақырды. Макинск қаласы 8-құтқару өрт сөндіру бөлімі тілсіз жауды ауыздықтады.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, дейді полицейлер.