АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында мектеп саны 1000-ға жетті.
7 900 орындық білім ұясы Сарыағаш ауданында ел игілігіне берілді. Жаңа мектептің құрылысы 2020 жылы басталған, деп хабарлады Хабар 24.
Мұнда оқушылардың алаңсыз білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Білім ұясында кітапхана, оқу және медиа зал, химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Үлкен спорт залы, 300 орынға арналған асхана жұмыс істейді. Медициналық 2 бөлмесі бар. Өртке қарсы дабыл қаққыш, 17 сыртқы және 60 ішкі бейнебақылау камералары орнатылған.
Облыста 2023-2025 жылдары кезең-кезеңімен 96 мектептің құрылысын салу жоспарланған.
"Қазіргі таңда мектептке дейінгі, мектептегіні қосқанда бізде 700 мыңнан астам бала бар. 2400-ден астам білім беру ұйымы болатын болса, мектепке баратын балалар саны 514 мыңнан астам. Сол себепті бұндай білім ордаларының біз үшін маңызы зор", - дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.