Астана мен Бішкек арасындағы тікелей әуе рейстері қалпына келтіріледі

Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Астана мен Бішкек арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі.
"Астанадан Бішкекке тікелей ұшатын жайлы Airbus 320 ұшағымен әсем Қырғызстанға саяхат жасауға барыңыз", - деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Қырғызстан астанасына рейстер 2 мамырдан бастап қайта қалпына келтіріледі. Ұшақ аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері ұшады.
Астаналар арасындағы 954 шақырым қашықтықты 1 сағат 45 минутта ұшып өтуге болады.
Сондай-ақ әуе компаниясы жақын арада Алматыдан Грузияның Кутаиси қаласына жаңа бағыт ашылатынын атап өтті. Тікелей рейстер Airbus A320 ұшағымен орындалады.
Алматыдан Чэндуға тікелей әуе рейсі ашылады