Фото

TasteAtlas тізімі бойынша әлемдегі тәбетті қашыратын тағамдар – фото

TasteAtlas гастрономиялық анықтамалығы әлемдегі ең жиіркенішті тағамдар рейтингін жариялады. Толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер!
Sputnik
TasteAtlas сарапшылары құрастырған тізімде орыс, фин, канадалық, француз, норвегиялық, швед және грек тағамдары бар. Олардың ішінде шоколадпен қапталған бекон, қуырылған өрмекшілер, акуланың қақталған еті, әніс кәмпиттері және бұршақ сорпасы бар.
Алайда оқырмандар көптеген тағам бұл тізімге енгені әділетсіз екенін, өйткені олар көптеген елде танымал екенін айтты.
1 / 14

Рейтингтегі бірінші орында "Индигирка" (Ресей) деп аталатын салат тұр. Якут асханасының дәстүрлі тағамы саналатын салаттың құрамында мұздатылған балық, пияз, күнбағыс майы, тұз бен бұрыш бар.

2 / 14

Екінші орынға канадалық тағам жайғасты: кәстрөл немесе табаға пісірілген көпқабатты пицца-торт.

3 / 14

Үшінші орында исандиялық Хаукарль тағамы тұр. Бұл ішінара шіріген, кейіннен қақталған гренландиялық поляр акуласының еті.

4 / 14

Төртінші орында француздардың Анис де Флавиньи атты әніс кәмпиттері тұр. Бұл тәттіні алғаш рет аттас аббаттықтың (католиктер монастыры) монахтары дайындаған.

5 / 14

Бесінші орында – қуырылған өрмекші (Камбоджа).

6 / 14

Тізімде Стегте-силд (Дания) тағамы бар. Бұл – қуырылған майшабақ.

7 / 14

Сонымен қатар тәбет бұзатын тағамдар қатарында даниялық бұршақ сорпасы Гуле Артер де бар.

8 / 14

Сарапшылар француздардың Тет-де-во атты бұзау басынан дайындалатын тағамын да осы тізімге енгізді.

9 / 14

Рейтингке қатты қызған майға қуырылатын шотландиялық пицца да енген.

10 / 14

Үйрек қаны қосып дайындалатын поляктардың сорпасын сарапшылар нашар тағам қатарына жатқызды.

11 / 14

Тайландтағы Каенг сом сорпасы акация жапырақтарын қосу арқылы тамариндталған паста және қуырылған жыланбас балықтан дайындалатын ащы әрі қышқыл тағам да антирейтингке енгізілді.

12 / 14

"Сопа де караколь" немесе ұлулардан әзірленетін сорпа Гондурастың Роатан аралында дайындалады.

13 / 14

"Шоколадпен қапталған бекон" – АҚШ-та өте танымал тағам саналады. Бірақ бұл тағам да тізімге енгізілді.

14 / 14

Скауз (Ұлыбритания) – ұсақ шабылған ет пен көкөніс қосып дайындалатын дәстүрлі тағам. Бұрынырақта Солтүстік Еуропа теңізшілері жиі тұтынған ас. Классикалық рецептке сәйкес, тұздалған сиыр еті суға қайнатылып, оны қайнатылған қызылша, маринадталған шабақ, маринадталған қияр мен пияз, кейде шошқа майымен қосып ет тартқыштан өткізеді.