АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қашаған кен орнында жұмысшы қайтыс болды.
NCOC компаниясы жұмысшының қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Atpress.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 ақпанда "Caspiy Ak Zhelken" мердігерлік компаниясында жұмыс істеген ер адам Қашаған кен орнының Д аралында қайтыс болды. Оның өлімі өндіріспен байланысты емес.
"Мердігерлік компанияның жұмысшысы кенеттен қайтыс болды. Қайғылы жағдайдың өндіріске қатысты жоқ. NCOC марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына жан-жақты көмек көрсетілді", - делінген компания хабарламасында.