Петропавл мектебінде жарақат алған балалар жансақтау бөлімінен шығарылды – дәрігер

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 14 ақпан - Sputnik. Петропавлда 9-сынып оқушысы жаралаған оқушылар жансақтау бөлімінен палааға ауыстырылды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Бүгін балалар реанимациядан травматология бөліміне ауыстырылды. Олардың жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын. Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап бере алады. Гемодинамика тұрақты", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Зардап шеккендерге тиісті емнің барлығы жасалады. Балалар травматолог, невропатолог және нейрохирургтың бақылауында.
Еске сала кетсек, дүйсенбі күні таңертең Петропавлда №4 мектептің 9-сынып оқушысы мектепке балтамен барып, үш баланы жаралады. Екі 10-сынып оқушысын балтамен ұрған.
Олар көпсалалы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастар шұғыл түрде операция бөлмесіне қабылданды, хирургиялық емдеу және бірқатар қажетті диагностикалық шара анестезиямен жүргізілді.
Үшінші зардап шегуші - 9-сынып оқушысы. Жасөспірім оны басынан балтамен бір рет ұрған. Оған аурухананың қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем белгіленді.
Психикалық ауытқуы бар балаға оқуын жалғастыруға кім рұқсат бергені белгілі болды