АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" партиясынан кандидаттардың тізімін тіркеді. Тиісті қаулы орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.
"Қазақстан жасылдар партиясы "Байтақ" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі тіркелсін", - делінген Қазақстан ОСК қаулысында.
Мәжіліс депутаттығына тіркелген барлық кандидаттарға партиядан куәліктер табыс етіледі. Ал партия сайлау бюллетеньдеріне енгізіледі.
Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы банкке арнайы шот ашу үшін партиялық тізімді тіркеу туралы мәліметтерді ұсынады.
Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.