АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 49 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 47 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 14 ақпандағы мәлімет бойынша індеттен бір адам көз жұмды, 1 605 адам емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 406 729 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.