Былтыр Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 6,5%-ке өсті

Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28,3 миллиард долларға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5%-ке артық.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстаннан тауар экспорты 9,7 миллиард долларды (24,3%-ке көп), импорт - 18,6 миллиард долларды (0,9%-ке аз) құрады, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық статистика бюросы.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясы – 92,3%, Қырғызстан – 4%, Беларусь – 3,6% және Армения – 0,1%-ті құрайды.
ЕАЭО елдерімен экспорттың ең көп өсімі былтыр сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен химиялық элементтер бойынша тіркелді. Бұл ретте рудалар мен темір концентраттарында, оның ішінде күйдірілген пиритті қоса алғанда (77,4%-ға аз) төмендеу байқалады.
Импортта ең үлкен өсім қара металдардан жасалған құбырлар бойынша (мысалы, дәнекерленген, бекітілген) байқалды – өсім 2,5 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер мен басқа да моторлы автокөліктерде (77%-ға аз) төмендеу тіркелді.
ЕАЭО аумағында бірыңғай валюта құру талқыланып жатқан жоқ – Сағынтаев