НАТО-ның Украина армиясы арқылы Ресейді жеңу немесе әлсірету жоспары көпполярлы әлемдегі қазіргі ахуал салдарынан ойдағыдай орындалмай жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Әскери сарапшының пікірінше, агрессивті декларациялар мен жоспарлар АҚШ пен НАТО-ның әскери қуатына сәйкес келмейді. Тіпті Американың одақтас мемлекеттері Украинаға жолдаған қару-жарақтары да арнайы әскери операция бағытын өзгертуге әсер етпей отыр.
14-15 ақпан күндері Брюссельде Солтүстікатлантикалық альянстың қорғаныс министрлері Украина Қарулы күштеріне қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа да әскери құралдарды жолдау мәселесін талқылайды. Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг атланиткалық одақтастарын Киев режиміне қару-жарақ көмегін үдетуге және күшейтуге шақырды. Бірақ жеделдету ниеті нақты мүмкіндіктерге сәйкес келмейді. Өйткені Украинадағы әскери іс-қимылдарда одақтастардың арсеналы өндіріс қуатынан әлдеқайда жылдам қарқынмен жұмсалып жатқаны белгілі болды.
Үлкен калбирлі оқ-дәрінің жаңа партиясының жеткізілімін күту уақыты 12-ден 28 айға дейін ұзарды. Ал бұл Украина мен НАТО-ның жеңіліске ұшырауына әкеледі. Қорғаныс министрлері әскери-өндірісті әлеуетті арттыру жолдарын талқылап жатыр. Осы тұста ескеретін бір жайт – Ресейде жаңа әскери техника мен оқ-дәрілерді қажетті көлемде жеткізу бойынша ешқандай проблема жоқ.
Бір мезгілде Брюссельде Украина Қарулы күштеріне әскери қолдау көрсетіп отырған елдерінің өкілдері тоғызыншы рет бас қосты. "Рамштайн-9" форматын 40-тан астам мемлекет қамтиды және олардың өкілдері Украинаға әр түрлі қару-жарақ беру мәселесін талқылап жатыр. Броньдалған техникаға басымдық беріліп отырғанымен, соққы беретін ұшақтарды жеткізу тек талқылау түрінде қалды.
Пентагон басшысы Ллойд Остин бұл мемлекеттердің 11 ай ішінде 50 миллиард долларға әскери көмек бергенін атап өтті. АҚШ алдағы уақытта Украинаға жаңа "пакет" жолдап, одан кейін Украина Қарулы күштерін ұзақ уақытқа интеграцияланған әскери көмекпен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Ақ үй Конгреспен бірлесе әрекет етіп, Киевке тағы 10 миллиард долларға бюджеттік көмекті бекітуді жоспарлап отыр. Бірақ Вашингтон алдағы уақытта қару-жарақ көлемінің жеткізілімдері тікелей тәуелді әскери іс-қимылдың барысы туралы Киев режиміне ескертті.
"Америкалықтар Киевті ресейлік арнайы әскери операция аумағында қарсы шабуыл жасауға мәжбүрлеп отыр. Алайда Украина Қарулы күштері бұл әрекетке дайын емес, олардың әр қимылы адам мен техниканың үлкен шығынына ұшырап жатыр. Осылайша 13 ақпанда волонтерлер үшін Артемовск/Бахмутқа кірер жол жабылды", - деп жазды Хроленко.
НАТО бас хатшысы НАТО елдерін Ресей ұрыс даласында үстемдікке ие болмас бұрын Украинаға әскери техника мен оқ-дәрінің жеткілікті мөлшерін беруге шақырды. Дегенмен ресейлік әскер Украинаның әскери іс-қимыл театрында ұзақ уақыттан бері әлеуетке ие, барлық түйісу желісінде белсенді шабуыл операцияларын жүргізіп жатыр және Украина Қарулы күштерін Артемовск пен Северскте қоршауға алуға жақындады. Батыстың Украинаға жеткізілімдерінің көлемі мен сапасы декларацияларға сәйкес келмейді және НАТО-ның басым түсуіне әсер етпейді.
"Сегіз елдің консорциумы, атап айтқанда, Германия, Польша, Канада, Португалия, Испания, Норвегия, Дания және Нидерланды Украина Қарулы күштеріне әр түрлі модификациядағы екі-үш жүз Leopard танктерін жеткізуге келісті. Сонымен қатар АҚШ, Польша, Чехия және Нидерланды 90 данаға дейін Т-72 танктерін қосымша береді. Ал ресейлік әскер бір жыл ішінде Украина Қарулы күштерінің 7 859 танкі мен басқа да броньдалған техникасын, 4 090-нан астам артиллериялық қаруын, 3 120 пилотсыз ұшу аппаратын, 1 010 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің оқ ату қондырғысын, 590 ұшағы мен тікұшағын, 400 зениттік зымыран кешенін жойды", - деп жазды сарапшы.
Қолданыста болған НАТО броньдалған техникасын дайындығы бар украин экипажымен, механиктері және құралдарымен жабдықтау керек болғанымен, бұл да үлкен қиындықтарға тап болып отыр. Польша төрт апта ішінде Украина Қарулы күштерінің танкистерін Leopard-2 танкісін басқаруға қайта даярлайтын болды. Бірақ бұл тәсіл сапаға кепілдік бермейді және поляк экипаждарының ұрыс қимылдарына қатысуына әкелуі мүмкін. Варшава неміс өндірісіндегі қосалқы бөлшектердің ұзақ уақыттан бері тапшы болып отырғанына шағымданды. Бұл Леопард танктерін Киев режиміне жеткізуді кешіктіріп жатыр. Германия Украина Қарулы күштерінің танк экипажын жеделдетіп даярлауға уәде бермеді. Ал Австрия бейтарап мәртебені бұзбас үшін даярлау процесіне қатысудан бас тартты. Испанияның, Канаданың, Швецияның және Финляндияның қару-жарақ жөніндегі міндеттемелері нақты емес. Бұл "донор" мемлекеттердің арасында осы мәселеге қатысты келісім жоқ екенін аңғартады.
АҚШ-тың өзі де Киевке HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесінің ұзақ қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарын беруге келіспей отыр. Себебі Пентагонда мұндай артық зымыран жоқ. Lockheed Martin корпорациясы 20 жыл ішінде әр түрлі модификацияда 4000-ға жуық ATACMS зымыранын шығарды. Парсы шығанағындағы және Ирактағы әскери іс-қимыл кезінде 600 данасы қолданылды. Зымырандардың бір бөлігі одақтастарға (Оңтүстік Корея, Польша, Румыния, Грекия, Түркия, Катар және Бахрейн) сатылды. Қазір Пентагон иелігінде екі-үш мыңнан астам ATACMS жедел-тактикалық бұйымдары бар. Ал жаңасына тапсырыс беру тым қымбат және ұзақ уақытты қажет етеді. Вашингтонның одақтастарынан ATACMS зымыранын қайта экспорттау қақтығыстың шиеленісуіне және АҚШ пен НАТО-ға мүше басқа елдердің аумағында қарулы қақтығыс туындауының ықтималдылығын арттырады.
Financial Times басылымы Вашингтондағы ақпарат көзіне сілтеме жасап, АҚШ "әскери іс-қимыл созылып жатса" Украинаға F-16 ұшақтарын беруі ықтимал екенін хабарлады. Украина Қарулы күштерінің мамандарын қайта даярлау көп айды, тіпті жылды қажет етеді. Сондықтан НАТО ұшқыштарын, техниктерін және аэродромдарын жұмылдыру мүмкіндігі үлкен.
Альянс Шығыс Еуропадағы әскери топтардың санын төрттен сегізге дейін арттырды. Пентагонның Еуропадағы базаларында шамамен 100 мың америкалық әскери бар, олардың көбісі Ресеймен шекаралас елдерде орналасқан.
Бұл ретте НАТО-ның Еуропадағы бірлескен күштерінің қолбасшысы генерал Кристофер Каволи альянстың Ресеймен қарулы қақтығысқа дайын емес екенін мойындады. Украин армиясына қолдау көрсету арқылы НАТО елдерінің ұлттық армияларының жауынгерлік қабілеті де құлдырап барады. АҚШ үстемдігіне негізделген әлемдік тәртіп те күшін жоғалтып жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.