Оқиға

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жер сілкінді Жер асты дүмпуі сағат 16:35-те тіркелді. Эпицентрі Түрген ауылынан 15 шақырым жерде.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. Магнитудасы 4.2. Ошақ 25 шақырым тереңдікте жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінген аумақтағы жағдайды анықтап жатыр. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін еске салды:
15 -20 секундта ғимараттан шығып үлгеріңіз;
жоғарғы қабаттарда тұратын болсаңыз, онда кіреберіс есікті паналаңыз немесе балаларды құшақтап, қабырғасы қалың үй бұрышына тұрыңыз;
қандай қауіп төнсе де, терезелердің жанында тұрмаңыз және балконнан секіруші болмаңыз;
ғимараттардан, құрылыстардан, тіректерден және қоршаулардан аулақ болыңыз;
үйге кірмеңіз, өйткені жер дүмпуі қайталануы мүмкін;
лифт пайдаланбаңыз;
сіріңке, шам жағуға болмайды;
электр сымдарына қол тигізбеңіз;
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Видео
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдары – видео