Қоғам

Мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты екені рас па

Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Петропавлда мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
№4 мектептегі төтенше жағдайдан кейін ата-аналар чатында оқушы "Лесоруб" ойынын ойнағаны туралы хабарламалар жаппай тарай бастады. Ойын шарты бойынша бірнеше адамды жаралау қажет екен. Сондай-ақ ойын басталғаны туралы скрин қоса жіберілуде.
Ата-аналар чатында тараған скрин
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі телефон экранынан жасалған скринді тексергенін мәлімдеді. Анықталғандай, қауіпті ойынның Петропавл мектебінде болған оқиғаға еш қатысы жоқ.
Бүгін таңертең 9-сынып оқушысы сабаққа балта алып келіп, үш баланы жарақаттаған болатын.
Петропавлда жасөспірім жарақаттаған екі оқушы жансақтау бөліміне түсті