АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 47 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 46 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 13 ақпандағы мәлімет бойынша 1 663 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 406 729 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.