Өңірлер

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады - синоптиктер болжамы

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазгидромет метеорологиялық қызметі 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Жұмыс аптасының басында күн бұлтты болады. Жауын-шашын түседі. Еліміздің батысында және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
16 ақпанда Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республиканың солтүстігінде ғана жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс пен оңтүстікте де жел күшейеді.
Дәрігер көктемде дәрумен жетіспеушілігінің алдын алу әдісін атады