Оқиға

Жетісуда жас жігіт екі ауылдасын пышақтап кетті

Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында кәмелет жасқа толмаған жігіт екі ауылдасын пышақтап кетті, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы.
Ресми мәліметке сәйкес, 10 ақпанда аудандық ауруханаға 17 және 18 жастағы екі жігіт пышақ жарақатымен жеткізілді. Оларды 17 жастағы танысы пышақтап кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 24-бабы мен 99-бабы ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, адам өлтіруге оқталғаны үшін жазаның көлемі адам өлтіру бойынша тағайындалатын жазаның ¾ бөлігінен аспауға тиіс. Ал Қылмыстық кодексте екі немесе одан көп адам өлтіргені үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқиға
Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті