Саясат

Марат Бекетаев үкіметтегі қызметінен босатылды

Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Экс-министр Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Telegram-арналарында Бекетаевтың қызметінен кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Үкіметтің баспасөз қызметі оны растады. Экс-министр үкімет басшысының кеңесшісі қызметінен 2022 жылдың желтоқсан айында босатылған.
Марат Бекетаев еңбек жолын сыртқы істер министрлігінде бастаған. 2007 жылы премьер-министрдің кеңесшісі болды. Сол жылы әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Үш жылдан дейін министрліктің жауапты хатшысы, ал 2015 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып кетті.
2016 жылы әділет министрі болып тағайындалды. 2022 жылдың басында қайтадан премьер-министрдің кеңесшісі болды.