АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы ажал құшты.
Қайғылы оқиға 11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11 шақырымында болған.
Nissan Altima жүргізушісі солға бұрылар кезде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, салдарынан екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апатынан Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Бір жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.