АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 46 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын 93 жағдай тіркелген болатын.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.