Өңірлер

Ертең Көкшетауда жылу электр орталығын салу бойынша тендерге өтінім қабылдау басталады

Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ертең, 13 ақпанда Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін қондырғыларды салу бойынша тендерге өтінім қабылдау басталады. Энергетика министрлігі инвесторларды осы жобаға қатысуға шақырды.
"Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-де басталады. Ал 2023 жылы 15 наурыз сағат 15:00-де тендерге қатысушыларды тіркеу аяқталады", - делінген ресми хабарламада.
Тендерлік құжаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланды.
Айта кетері, 2023 жылы 31 қаңтарда Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған тендер қорытындысын шығару жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы өтті.
Тендерге қатысуға өтінімдер түспегендіктен, комиссия оны өтпеді деп тануға шешім шығарған.
Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты