Қоғам

Екі облыста боранға байланысты тас жолдар жабылды

Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның екі облысында боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық тас жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
12 ақпан сағат 11:40-тағы жағдай бойынша екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты екі жол учаскесі жабық.
Жамбыл және Түркістан облыстарында көліктің барлық түрі үшін мына учаскелерде қозғалыс шектелді:
"Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;
"Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығы.