Қоғам

ҰҚК қос азаматтығы бар 54 адамды ұстады

Sputnik
АСТАНА, 11ақпан — Sputnik. Қазақстанда бір айдың ішінде қос азаматтығы бар 54 қазақстандық ұсталды. Барлығы шетелге шықпақшы болған , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қос азаматтықпен жүргендердің бәрі шекара өткізу пунктерінде ұсталды.
"Заң бұзушылардың негізгі бөлігі Ресей, Түркия және Қытай елдерінің азаматтарынан тұрады. Ұсталған адамдар одан әрі тексеру жұмыстарын жүргізу үшін полиция органдарына берілді", - дейді шекарашылар.
Шекара қызметі екі азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастырып жатыр.