АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Астанада автокөлік жүргізушілеріне жұмыс күндері белгілі бір уақытта және демалыс күндері қоғамдық көлікке арналған жолақтармен жүруге рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жүргізушілерге автобус жолағымен рұқсат беру-бермеу мәселесін шешу үшін онлайн дауыс беру басталды. Ол 2023 жылғы 27 ақпанға дейін жалғасады. BUS LANE жолақшасы бойынша сауалнамаға қатысу үшін мына сілтемеге өту қажет.
Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин – Манас көшесі аралығына дейін енгізілді.
Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс кезде автокөліктердің жүруіне болады. Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салынады.