АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ақордаға Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының басшылары келді.
Әкімдер өңірлердегі жағдайды, заманауи білім ошақтарын салу бойынша "Жайлы мектеп" жобасының жүзеге асырылу барысы туралы айтты.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев былтыр Маңғыстау облысында құны 25 миллиард теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын хабарлады.
Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 15,8 пайызға артып, 762 миллиард теңгеге жеткен.
Туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,6 есеге ұлғайған. 2022 жылы Маңғыстау өңіріне шетелдер мен ел аймақтарынан 231 мың турист келген.
Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 15,8 пайызға артып, 762 миллиард теңгеге жеткен.
Туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,6 есеге ұлғайған. 2022 жылы Маңғыстау өңіріне шетелдер мен ел аймақтарынан 231 мың турист келген.
"Былтыр 12 ауылға су құбыры тартыл. Облыстағы ауызсу тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін жалпы су тұшыту қуаты 286 мың текше метр болатын 9 жоба жүзеге асырылады", - деді Ноғаев.
Ал Түркістан облысында биыл 25 елді мекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен сумен қамтамасыз ету желісін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 56 елді мекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылады.
"Алдын ала қамдану нәтижесінде бес аудандағы 43 елді мекенді су басу қаупі жойылған. Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар ауданда жекелеген үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтанып, тұрғындар үйлеріне оралды. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр", - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров та өңір үшін маңызды мәселелерге тоқталды.
"Биыл акционерлер жаңа түтін құбырын салуға және ЖЭО-2 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізуге 6 миллиард теңге бөледі. 1,1 миллиард теңгеге 7,2 шақырым жылу желілерін жөндеу және қайта жаңарту жоспарланып отыр", - деді ол өз баяндамасында.
Өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 16 мыңнан астам адам тұратын 22 ауылды сумен қамтамасыз ету ісі жақсартылды.
Өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 16 мыңнан астам адам тұратын 22 ауылды сумен қамтамасыз ету ісі жақсартылды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндамасынан Қарағанды медицина университеті жанынан 300 орындық клиника мен 200 орындық перинаталдық орталық салу қарастырылғанын жеткізді. Сонлай-ақ облыста 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынуға тиіс.
"Былтыр өңірде 597,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 1,2 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Биыл игерілмей жатқан 580 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр", - деді Бөлекпаев.