Бір пойыздан екіншісіне ауысып отыруға болатын билеттер сатыла бастады

Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ бір пойыздан екіншісіне ауысып отыруға мүмкіндік беретін билеттер сатылатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, bilet.railways.kz сайтында онлайн билеттерді сатып алу кезінде "Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут" жаңа қызметін пайдалануға болады.
"Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда жаңа қызмет түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Қазіргі уақытта жаңа қызметті бірнеше бағытта пайдалануға мүмкіндік бар. Олар:
Қостанай-Семей;
Екібастұз-Алматы;
Ерейментау-Орал;
Петропавл-Ақтөбе;
Шымкент-Арқалық;
Шымкент-Петропавл;
Қостанай-Шымкент;
Атырау-Семей.