АСТАНА, 9 ақпан - Sputnik. Түркияның Антакия қаласында үй қирандыларының астынан бір Қазақстан азаматының мәйіті шығарылды, деп хабарлады ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың жұмысын көптеген үйінді, тұрақсыз құрылымдар қиындатып отыр
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
"Жедел ақпаратқа сәйкес, қазір бір Қазақстан азаматының мәйіті табылып шығарылды. Құтқарушылардың жұмысын көптеген үйінді, тұрақсыз құрылымдар қиындатып отыр. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Сыртқы істер министрлігі марқұм болған Әділ Қадырбеков екенін мәлімдеді. Түрік азаматының да мәйіті табылды.
Хатай провинциясында үш қазақстандық жоғалып кеткен болатын. Кеше Сабина Мамадиярова аман табылды. Мирболат Құрмашевті іздеу жалғасып жатыр.