Өңірлер

Талдықорғанда жаңа камералардың арқасында бір тәулікте 22 млн теңге айыппұл салынды

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 9 ақпан - Sputnik. Талдықорғанда қосымша екі Vidar бейнебақылау бекеті орнатылды. Бір тәулікте 22 миллион теңгенің заңбұзушылығы тіркелді.
Бейнекамералардың бірі облыс орталығына кіреберістегі Жалайыр даңғылында орнатылды. Бұл маңдағы жолда жүру жылдамдығы 40 км/сағат. Екінші камера Жансүгіров пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Ол бағдаршамның қызыл сигналына өтіп кететін көліктерді түсіреді және жол белгілерінің талаптарын бақылайды.
"Камералардың бірі әзірге тек сынақ режимінде жұмыс істейді. Екіншісі тек бір күнде 673 құқықбұзушылықты анықтап, тіркеді. Жылдамдықты шектеу белгісіне қарамастан, кейбір жүргізушілер жаяу жүргіншіні өткізу керек жолмен жоғары жылдамдықпен өте шығады. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша айыппұл санкциялары 22 миллион теңгеден асты", - деді Жетісу облысы әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Диас Айнақұлов.
Ведомство әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарына жаңа камералар орнатылғанын хабарлаған болатын.
"Сергек" техникалық тексерістен өтпеген көліктерді анықтайды