АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен 4 шетел азаматын ұстады.
Бұл жағдай 4 ақпанда болған.
"Олар 2023 жылдың қаңтарында Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Заң бұзушылар Ресейге кіруге шектеу болғандықтан, тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.