Қоғам

Қазақстандық жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен Беларусьтен экстрадицияланды

Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстан бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен А.есімді азаматты Беларусь Республикасынан экстрадициялады.
Қазақстандық Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінді.
"Қылмыс жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға жеткізілді, тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазақстан заңнамасына сәйкес ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.