Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандардың саны 7 мыңнан асты

Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың саны 7 мыңнан асты. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін елшілікте Түркиядағы зілзаладан кейінгі жағдайға байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Сол жерде елші Уфук Экиджи соңғы статистиканы жариялады.
"Қазіргі кезде қаза тапқандардың саны 7 108 адамға жетті. 41 910 адам зардап шекті", - деді Экиджи.
Оның айтуынша, 5 775 ғимарат қираған және жартылай бүлінген.
Тоқаев Түркияға 1 миллион доллар жіберуді тапсырды