Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалған Қазақстан азаматы үйінді астынан табылды

Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алмат Құрмашев есімді азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен төрт қазақстандықтың бірі Сабина Мамадиярова табылғанын хабарлады.
"Сабина тірі!!! Тек қолы сынған. Ауруханаға апара жатыр", - деп жазды ол.
Сабина Мамадиярова
"Соңғы ақпаратқа сәйкес, үйінді астында қалған Сабина Мамадиярова тірі. Ол құтқарушылармен сөйлесіп жатыр. Демек қалғандары жақын жерде деген сөз", - деп "Антакиядағы азаматтарымызды іздейміз" тобы да ақпарат таратты.
Бұған дейін Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи 6 ақпаннан бері төрт қазақстандықпен байланыс үзілгенін хабарлады.
Алмат Құрмашев жер сілкінісінен кейін жоғалған бауыры Мирболатты іздеп Хатайға ұшып барған.
Қазақстан азаматы жоғалған провинцияда жер сілкінісі қатты болды – елші