Қазақстандық құтқарушылардің бірінші тобы қатты қисайып тұрған алты қабатты үйді қарап шықты, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады сәрсенбіде төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Іздеу жұмыстары кезінде қаза тапқан үш әйелдің мәйіті табылып, шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Екінші топ толығымен қираған екі тоғыз қабатты үйді қарап шығып, жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды – зардап шеккен әйелді алып шықты. Ол жерден бір адамның денесі табылды.
Бұған дейін Қазақстан Түркияға 1 миллион доллар бөлетіні хабарланып, елге төтенше жағдайлар министрлігінің 100 қызметкері жіберілген болатын.