Әлем

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 7,7 мыңнан асты - БАҚ

Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны кем дегенде 7 726-ға жетті, деп хабарлайды CNN.
Түркия вице-президенті Фуат Октай кем дегенде 5 894 адамның қаза тауып, 34 810 адам жарақат алғанын айтты.
Оның айтуынша, апат орнында 16 мың 139 топ іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр.
70-тен астам ел құтқару топтары мен басқа да көмек жіберген.
Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі үкімет бақылауындағы Алеппо, Латакия, Хама, Идлиб және Тартус провинцияларында болған жер сілкінісінен кем дегенде 812 адам қаза тапқанын хабарлады.
CNN хабарлауынша, Сирияда кем дегенде 1 832 адам қаза тауып, 3 894 адам жараланған.
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға жетті – видео