Тоқаев Түркияға 1 миллион доллар жіберуді тапсырды

Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.
Айта кетері, бұған дейін қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды барды. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске берілді. Құтқарушылар өзімен бірге біраз құрал-жабдықты алып барды.
Айта кетері, арнайы ұшақ бүгін Астанаға қайтып шығады. Онымен Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарын жіберуге шешім қабылданды.