АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклонының жырасы әсерінен, солтүстік және солтүстік-батыста Салехард аумағынан келетін циклон жырасы әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын жауады, 10 ақпанда қалың қар түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
11 ақпанда Батыс антициклонының екпіні оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге ығысады да, осыған байланысты жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, түнгі температура минус 8-21 градусқа дейін төмендейді.