Спорт

Геннадий Головкин бір белбеуден бас тартты

Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы IBF белбеуінен бас тартты.
Бразилиялық журналист Уилсон Балдининің мәліметіне сәйкес, Головкин чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартты. Алайда Головкиннің командасы бұл ақпаратты әлі растаған жоқ, деп хабарлайды Sports.kz сілтеме жасап.
Айта кетері, бұған дейін IBF орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 KО) өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттеген болатын.
Ал WBA кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізуге қаулы шығарған. Бірақ кейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) IBF-ке қосылып, бірлескен шешім шығарған. Оған сәйкес, Головкин алдымен Эскива Фалькаомен кездесуі тиіс еді.
GGG-де тағы екінші дәрежелі IBO титулы бар.
Қоғам
Танымал әзілкеш Головкиннің өзіне жасаған сыйы туралы айтты - видео